щ 🌸Тұрмысқа шығатын қызға айтылған насихат🌸 Өмірін мұсылмандықпен өткізген бір ана тұрмысқа шыққалы отырған қызына ардақты Пайғамбарымыздың (Аллах ол кисиге разы болсын) сөздеріне сүйене отырып мынадай насихат жасады: - Қарағым, қызым! Сен енді туып өскен үйіңнен кетіп, қыр-сыры бейтаныс, бөтен бір үйге келін болып барасың. Мінез-құлқы да өзіңе беймәлім бір адаммен бас қосып, ғұмыр кешесің; - Сен ол кісіге жердей бол, ол саған төбеңдегі көктей болады! - Сен оған үй бол, ол үйдің тірегі болады! - Сен оған күң бол, ол саған құл болады; - Сен оны шаршатпа, сонда оның саған деген сезімі азаймайды; - Сен одан алыстап ұзама, ол сені ұмытпасын; - Сен әрдайым оның көзін, мұрнын және құлағын сақтаушы бол, ол сенен басқаға көз салмасын, өзгенін жұпарын иіскемесін, сенен ылғи жақсы сөздер ғана есітсін; - Үйде отырып, үй шаруасымен, қол өнерімен айналыс; - Ішіп-жеуге ол не әкелсе, соған қанағат қыл. Анау жоқ, мынау жоқ деп еш уақытта шағым жасама; - Отбасындағы өз ақыңды алудан бұрын, күйеуіңнің ақысын беруге тырыс; - Еріңнің туыстарын сыйлап, қадірле; - Тазалық пен пәктікке аса көп мән бер! - Көшеге шықсаң, етек-жеңі кеңдеу, жалаңаш денеңді жауып тұратын киім ки! Сенің тәнің күйеуіңе ғана арналған аманат екенін ұмытпа! - Көршілеріңмен тату бол, олардан зиян келсе сабыр ет, шыда! Біреудің сөзін біреуге тасып өсекші болма! - Әсіресе, құлшылықтарыңа мұқият бол. Уақыты кірген намазды дереу оқуға асық; - Шырағым, қызым! Мен енді қырық жылдық тәжірибеме сүйеніп, бірқатар сөз айтамын. Соларды жадыңа тоқы, сонда бұл дүниеде де, мәңгілік өмірде де бақытты боласың; - Қанағатшыл бол! Қанағат қарын тойғызып қана қоймайды, жүрекке де тыныштық әкеледі; - Саған айтылған сөздерді жақсылып тыңдап жүр, күйеуіңнің шариғатқа теріс келмейтін барлық тілектерін орында! - Үйіңдегі әр нәрсе мұмтаздай таза және орын-орнында жиюлы тұрсын; - Күйеуіңнің ас ішетін және ұйықтайтын уақытына абай бол! Аштықпен жаман мінез көрсетіп, ұйқысыздықпен ашулануы мүмкін; - Үйіңдегі бұйымдар мен мал-мүліктің қорғаушысы бол. Жасаған жақсылығыңды еш уақытта міндет қылма. Жақсылыққа жақсылық тез ұмытылады, ал жамандыққа жақсылық оңайлықен ұмыт болмайды; - Күйеуіңнің қателіктерін байқасаң, ешкім жоқ оңаша жерде ғана жұмсақ тілмен ескерт; - Жарыңның сырларын тірі жанға жаюшы болма! Ерлі-зайптының сырлары қабірге бірге көмілуі керек; - Жарың қуанса сен де бірге қуан, қайғырса сен де бірге мұңай! Оған өмірдің әр сәтінде жақсы бір дос бол! - Өтірік сөзден аулақ бол! Өйткені өтірік отбасын іштен бүлдіретін жегі құрттан да жаман; - Араларыңда түйткіл шықса, екеуің бірге отырып өздерің шешіңдер! Ондай сөздердің әкең екеумізге немесе басқа адамға айтып бармаңдар! - Күйеуіңнен шамасы келмейтін нәрсені ешқашан сұрама! - Көркем мінезді жақсы әйел күйеуіне жұмақ нығметі екенін ұмытпа! Сен де жарыңа жәннат нығметі бол, оған азап шектірме! - Бұл айтылғандарды өзіңнен бұрын күйеуіңді ойлағанда ғана жүзеге асатынын біл! Менің айтқаным ғана бола берсін деген мінезбен бұларды ешқашан орындай алмайсың; - Егер бес уақыт намазыңды оқымасаң, кесір-кесапат ретінде осының өзі саған да, күйеуіңе де, бала-шағаңа да жеткілікті болады; - Ғұсылың мен дәретіңе ешқашан жеңіл қарама! - Бұл айтылғанның пайдасын көрулерің үшін ең алдымен иман мен ниет-ықыластарың таза дұрыс болуға тиіс. Не сөйлеп, не жасассаңдар да ең алдымен Алланың разылығын іздеңдер! Сонда ғана екі дүние шаттығына сөзсіз кенелетін боласыңдар!

Теги других блогов: өмір насихат мұсылмандық