Білмегендер білсін! Қабырғаңызға сақтап қойыңыз!
«Ассаляму алейкум» — «Аллаһтың Сізге Сәлемі болсын!»
«Уағалейкум ассалям» — «Сізге де Аллаһтың Сәлемі болсын!»
«Сәләм» — Ұлы Аллаһтың 99 есімінің бірі. «Әс-Сәләм» — бұл амандық беруші, есен сақтаушы деген мағынадағы сөздерге жақын. Құран Кәрімде бір рет кездесетін осы сөз Аллаһқа ғана қолданылады.
Аллаһтың сәлеммен сипатталуы, Оның бұл сипатқа барлық нәрседен де лайық болғандығынан. Сол себепті де Аллаһтың құлдары арасында сәлемді (бас салып сүю емес) жаю — Исламның ең ізгі амалдарының бірі.
«Әлхамдуллилях» — «Аллах Тағалаға мақтау болсын!»
«Субханаллах» — «Аллаһ Тағала кемшіліктен пәк» деген мағынаны білдіреді.
«Аллаһу Әкбар!» — бұл сөз Әлемдердің Раббы — Аллаһ Тағаланы мақтау, мадақтау болып табылады. Қазақша мағынасы: «Аллаһ — Ұлы!»
«МашаАллаһ!» — «Аллаһ Тағаланың қалауы» деген мағына береді. Бұл сөзді Мұсылмандар көбінесе бір нәрсеге таңғалғанда айтады.
«Джазака Аллаһу Хайран!» — мағынасы: «Аллаһ Тағаланың Разылығы болсын!
«Ва якум» — сізге де Разы болсын!, «Ва яка» — Ер адамдарға, «Ва яку» — Әйел адамдарға.
«БаракаЛлаһу» — «Аллаһ Тағала Разы болсын!»
«Лә иләхә иль Аллах!» — Аллаһтың жалғыз екенін, оның сыңары да, серігі де жоқ екенін білдіретін сөз, мағынасы: «Аллаһтан басқа тәңір жоқ!»
«Биисмилләхи Рахман ир Рахим» — «Аса Қамқор әрі аса мейірімді Аллаһ Тағаланың атымен бастаймын! «Биисмилләхи» — мұндағы «би» — жұрнақ, «исми» «исм» — Есім деген сөз, «Лләхи» — Аллаһ сөзі «Илләһ» сөзінен туындаған. «Рахман» және «Рахим» сөздері Аллахтың 99 есімінің бірі — «Ар Рахман» — Қамқор, «Ар Рахим» — Мейірімді.
«Астағфируллаһ!» — «Аллаһтан кешірім сұраймын!»
«Ағузу билләхи минәш-шайтан ир Рожжим» — «Қуылған шайтанның азғыруының кесірінен Аллаһқа сыйынамын.