пп .......Әрбip мұсылман бiлуi kepek!!!.......... Сұрақ: Раббың кім? Жауап: Алла Тағала. Сұрақ: Дінің не? Жауап: Ислам. Сұрақ: Кітабың не? Жауап: Құран Кәрім. Сұрақ: Құбылаң қай жер? Жауап: Қағба / Мекке қаласы. Сұрақ: Мұсылмансың ба? Жауап: Әлхамдулилләһ, мұсылманмын. Сұрақ: Қашаннан бері мұсылмансың? Жауап: Әл-мисақтан бері. Сұрақ: Әл-мисақ дегеніміз не? Жауап: Адам баласы рухтарының бұл дүние тіршілігенен бұрын рухтар әлемінде Алланың құдіретін танып, Оған қайтып келетіні туралы ант берген кезең. Сұрақ: Мұсылмандығыңның дәлелі қайсы? Жауап: «Әшһәду ән лә иләһә иллаллаһу уә әшһәду әннә Мухаммадән абдуһу уә расулуһу» (Алладан басқа тәңірі жоқ екендігіне, Мұхаммед Оның құлы және елшісі екендігіне куәлік етемін). Сұрақ: Кімнің ұрпағысың? Жауап: Адам атаның ұрпағымын. Сұрақ: Кімнің үмбетісің? Жауап: Мұхаммед пайғамбардың (с.ғ.с.). Сұрақ: Пайғамбарың кім? Жауап: Мұхаммед Мұстафа (с.ғ.с.). Сұрақ: Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) қай жерде туған? Жауап: Мекке қаласында. Сұрақ: Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) қай жылы туған? Жауап: 571 жылы 20-сәуірде. Сұрақ: Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) ай (қамари) санауы бойынша қай күні туылған? Жауап: Рабиул әууәл айының 12-сі, дүйсенбі күні. Сұрақ: Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) Исламға дейін халық арасында танылған сипаты қайсы? Жауап: Мухаммадул әмин (сенімді Мұхаммед) Сұрақ: Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) ең көп аталатын есімдері қандай? Жауап: Ахмет, Махмуд, Мұхаммед және Мұстафа. Сұрақ: Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) әкесінің есімі кім? Жауап: Абдулла. Сұрақ: Алланың соңғы елшісіне (с.ғ.с.) қанша жасында пайғамбарлық берілді? Жауап: 40 жасында. Сұрақ: Пайғамбарымызға (с.ғ.с.) алғашқы уахи қай жерде келді? Жауап: Хира үңгірінде. Сұрақ: Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) пайғамбарлық міндетін қанша жыл бойы атқарды? Жауап: 23 жыл. Сұрақ: Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) ұлы көші хижреті қай жылы қай қалаға бағытталды? Жауап: Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) 622 жылы Меккеден Мәдина қаласына көшті. Сұрақ: Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) қай жылы қайтыс болды? Жауап: 632 жылы. 63 жасында. Сұрақ: Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) қай жерде қайтыс болды? Жауап: Мәдина қаласында. Сұрақ: Әйгілі төрт халифа кімдер? Жауап: Әбу Бәкір (р.а.), Омар (р.а.), Осман (р.а.), Әли (р.а.) Сұрақ: Құран Кәрім қай халифаның дәуірінде кітап болып жиналды? Жауап: Әбу Бәкір (р.а.) дәуірінде. Сұрақ: Құран қанша аяттан тұрады? Жауап: 6216 аят. Сұрақ: Құранда қанша сүре бар? Жауап: 114 сүре. Сұрақ: Құранда қанша пара (жүз) бар? Жауап: Құранда 30 пара бар. Сұрақ: Ең алғаш түскен сүре қайсы? Жауап: «Алақ» сүресінің алғашқы бес аяты. Сұрақ: Құран қай сүремен басталады? Жауап: «Фатиха» сүресімен. Сұрақ: Құран қай сүремен аяқталады? Жауап: «Нас» сүресімен. Сұрақ: Ислам шарттары қанша? Жауап: Ислам шарты бесеу, оның реті: 1-Кәлима шәһадат келтіру; 2-Намаз оқу; 3-Зекет беру; 4-Ораза тұту; 5-Қажылыққа бару. Сұрақ: Күніне неше уақыт намаз оқу парыз етілген? Жауап: Күніне бес уақыт, олар: 1-Таң; 2-Бесін; 3-Екінті; 4-Ақшам; 5-Құптан, Үтір уәжіп. Сұрақ: Намазды не бұзады? Жауап:1-Намазда сөйлеу, дауыстап күлу; 2-Намазда ішіп-жеу; 3-Қатарынан бірнеше әрекет жасау; 4-Құбыладан бұрылу; 5-Намазда әурет жерінің ашылуы; 6-Намазда дәреттің бұзылуы; 7-Намазда талып қалу; 8-Ниеттің ауысуы; 9-Намаздың бір парызын тастау; 10-Әйел адаммен бір сапта намаз оқу; 11-Тәйәммүммен оқыған адамның суды көруі; 12-Намаз бітпей сәлем беру; 13-Парыз, уәжіп намаздарының уақытының шығуы; 14-Мәсіге тартылған мәсіх уақытының аяқталуы. Сұрақ: Зекет дегеніміз не? Жауап: Нисап көлеміне жететін дәулеті бар мұсылманның Алла разылығы үшін байлығының белгілі бір бөлігін шариғатқа сай жылына бір мәрте Құранда көрсетілген белгілі бір адамдарға беру. Сұрақ: Жауапкершілігі жағынан ең үлкен пе- ріштелер нешеу? Жауап: Төрт үлкен періште бар 1-Жәбірейіл – Алла тағаланың бұйрықтары мен уахиларын пайғамбарларға жеткізуші пе- ріште; 2-Әзірейіл – Жан алатын періште; 3-Микайл – Табиғатқа қарайтын періште; 4-Исрафил – Қиямет күні ұлы сырнай сүрді үрлейтін періште. Сұрақ: Ең үлкен күнәлар қайсы? Жауап: 1- Аллаға серік қосу; 2- Алладан басқаның атын айтып ант ету; 3- Діннен бас тарту; 4- Жаттаған әрі оқыған Құранды ұмыту; 5- Дүние қызығына берілу, ақыретті ұмыту, міндеттерін ұмыту; 6- Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) атынан жалған сөйлеу; 7- Сахабаларға тіл тигізу; 8-Дініміздегі қасиетті нәрселерді балағаттау; 9- Арақ ішу; 10- Зина жасау; 11- Доңыз етін жеу. Сұрақ: Мұнафық (екі жүзді) деп кімді айтамыз? Жауап: Имансыз бола тұра, өтірік мұсылман болып көрінген кісі.

Теги других блогов: Ислам Құран Мұхаммед Пайғамбар